Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағын іздеп жатқан құтқарушылар әуеден су астына түсті.
Арнайы қондырғылармен жасақталған екі кеме қазіргі кезде Үнді мұхитына шығарылып, су астында болуы мүмкін ұшақтың "қара жәшігі" тарататын белгілерді іздеп жатыр. Құтқарушылар болса 200 метр тереңдікке түсіп, іздеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін осынау жұмыстарды жүргізу үшін мұхитқа 14 ұшақ пен 9 кеме шығарылады деп жоспарлануда. Мамандар бүгінгі таңда жоғалған малайзиялық ұшақты іздеу жұмыстары тарихтағы ең қиын операция болды деп бағалап отыр. Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың 8 наурызына қараған түні Куала-Лумпурден Пекинге бет алған ұшақ жарты жолда жоғалып кеткен болатын. Оның бортында 139 адам болған.
Baq.kz