Ресейлік қаржылық сарапшы Александр Разуваев «Взгляд» басылымында жариялаған мақаласында осылай деп отыр. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.
Биыл тамыз айында 1991 жылғы бүлікке 25 жыл толатынын еске салған саясаттанушы алдағы тамыздағы ықтимал қауіп-қатерлерге болжам жасайды.
«Тамыз айы жақындап келеді. Бұл ай Ресей үшін тынышсыз болуы дәстүрге айналған. Енді 2016 жылғы тамыздың әскери қатері ретінде Қазақстан мен Шығыс Украина қарастырылады», - деген ол Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше ретінде Қазақстанға Ресей әскер кіргізуге мәжбүр болатынын айтады.
«Қазақстан – Еуразиялық одақтағы негізгі ел, ҰҚКШҰ-ның мүшесі және лаңкестік интернационалдың жаңа нысанасы. Жағдай айтарлықтай күрделенсе Ресей араласуға мәжбүр болады. Ресейге оңтүстік шекарасында екінші Үлкен Шешенстан керек емес», - дейді ол.
Оставить комментарий