Матаев ісі бойынша төрт шенеунік қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

/uploads/thumbnail/20170709045022625_small.jpg

Матаев ісі бойынша төрт шенеунік қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевпен бірге тергеуге алынған төрт лауазымды тұлға ҚР ҚК-нің 65-бабы негізінде, кінәларын мойындап, тергеу органдарымен әріптестік орнатқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Олардың есімдері де белгілі. Олар – бұрын Инвестициялар және даму министрлігі құрамында болған Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің экс-төрағасы Талғат Қазанғап, Ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы басшысы Болат Берсебаев, комитет төрағасының орынбасары Бек Арпабаев, «Қазақтелеком» АҚ-ы стратегиялық басқару жөніндегі бас директор Батыр Маханбетәжиев пен байланыс комитетінің басқарма бастығы Жанболат Байбосынов.

Олардың барлығы қаржы жымқырды, лауазымды міндеттерін асыра пайдаланды деп айыпталған.

Ал, бұрынырақ Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары болған, ҚР Жоғарғы соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Болат Кальянбековтің ісі бойынша тергеу жалғасатыны хабарланды. С. Матаев адвокаттарының айтуынша, Б. Кальянбековке лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деген айып тағылуда.

Қазір сотқа С. Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» ХАА бас директоры Әсет Матаевтың ісі берілгені белгілі болды. олардың ісін Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты қарайтын болады. Алдын ала тыңдау 3 тамызға белгіленген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи