Ақмола облыстық прокуратурасы іздеуде жүрген күдіктілердің фамиляларын анықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Ағымдағы жылдың басында қарулы қақтығыстарға қатысты лаңкестік қылмыс жасаған төрт қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған болатын. Олар: А. Маратұлы, О.Д. Нұрғалиев, А.Д. Құрашов, С.К. Құланов», - делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Қадағалаушы орган олардың барлығы Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысу үшін елден кеткенін хабарлап отыр.
«Аталған тұлғаларға қатысты ҰҚКД прокуратура органдарының үйлестіруімен ҚР ҚК-нің 172-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады және іздеу жариялады», - делінген прокуратура мәлімдемесінде.
Бұған дейін Ақмола облысында терроризмге қатысы бар төрт күдіктіге іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.
Оставить комментарий