Соғыс ардагерлеріне қаржылай көмек көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20170708151853579_small.jpg

Биылғы Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 40 айлық көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек беріледі, деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын биылғы мамырда Қызылорда облысы бойынша 125 соғыс ардагері қарсы алғалы отыр. Облыс әкімдігінің шешіміне сәйкес әрбір соғыс ардагері мен мүгедегіне 40 айлық көрсеткіш көлемінде бір реттік сый көрсетілетін болды. Сондай-ақ майдангерлердің коммуналдық шығындарына жеңілдік мақсатында да 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат бөлінеді.

Қазақпарат

Связанные Статьи