Еріктілер Алматыда жоғалған 13 жастағы жасөспірім Ануар Сыдықовты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі" еріктілер тобының мүшесі Ислам Үгішев Фейсбук парақшасында жазды.
Еріктілердің айтуынша, 13 жастағы Сыдықов Ануар Серікұлы 19 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Бойы шамамен 145 см, үстінде жасыл жейдесі мен сұр түсті шолақ шалбары болған. Көрген-білгендер болса, +7 778 187 29 39 хабарласуын сұраймыз" делінген хабарламада.