Түркия премьері халықпен тілдесу үшін такси рөліне отырды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709050505716_small.jpg

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ел азаматтарын толғандырған мәселелерді өз ауыздарынан есту үшін тиімді әдіс тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Muslim.kz - ке сілтеме жасап.

Осы мақсатта министрлер кабинетінің басшысы Анкарада такси рөліне отырды. Үкімет басшысының «жаңа қызметі» барысы жазылған таспа YouTube желісінде кең тарап кетті.

Бейнежазбада жолаушылардың премьер-министрдің таксист болып отырғанын көргенде таңдана қарағаны анық көрінеді.

Үш сағат ішінде Йылдырым астаналықтарды тегін тасымалдады, олармен әртүрлі тақырыпта әңгімелесіп, өтініш-тілектеріне құлақ асты.

Қала тұрғындары өз кезегінде премьер-министрге әлеуметтік-экономикалық, денсаулық сақтау саласы және терроризм мәселелері алаңдататынын жеткізді.

Связанные Статьи