Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«Қазіргі уақытта қазақстандық энергия жүйесі Қырғызстаннан тұрақты қуат сатып алып отыр. Дегенмен біз өз күшімізбен еліміздегі барлық қажеттілікті қамтамасыз ете аламыз. Қырғыз елінен алатын энергиядан бас тарту мәселесі айтарлықтай өзекті емес, біз мұндай жағдайға толықтай дайынбыз деп айтуға болады. Солтүстіктегі стансаларды жедел түрде жөндеуден өткізіп, қуатын күшейтуге мүмкіндігіміз бар. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан мазутқа дотациялар болған жағдайда Жамбыл мемлекеттік аудандық электр стансасын (МАЭС) қосамыз», - деді А. Сәтқалиев.
inform.kz
Оставить комментарий