Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркияға барып, ондағы әріптесі Режеп Ердоғанмен кездеседі, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Кездесу Түркия тарапының шақыруы бойынша жүзеге аспақ.
Биыл шілденің ортасында бір топ әскери тағынан тайдыра жаздаған Режеп Тайып Ердоғанмен Елбасы бұған дейін тура бір ай бұрын телефон арқылы сөйлесіп, екі жақты әріптестіктің жай-жапсарын талқылаған болатын.
Президент Н. Назарбаевтың Түркияға сапары барысында жеке және делегациялар құрамындағы кездесулер өтеді деп жоспарланған.