Техникалық ақауды байқаған ұшқыш өзі тізгіндеген «Боингті» автокөліктердің арасына қондырған, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Абырой болғанда, бортта тек жүк қана болған. Таңата төбеден келіп түскен алып ұшақты көлік жүргізушілері дер кезінде байқағандықтан, ешқайсысна зақым келмепті. Ал аса жоғары жылдамдықпен қонған «Боинг» тас жолдың тас талқанын шығарған. Аман қалған екі ұшқыш техникалық ақаудың салдарынан осындай шешім қабылдауға мәжбүр болғандарын айтады. Алып ұшақты осылай қондырған олар аздап шошынып қалған.