Біріккен Ұлттар Ұйымының комиссары Ирандағы жаппай дарға асу ісін айыптады

/uploads/thumbnail/20170709051149888_small.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад аль-Хусейн Иранда 20 адамның өлім жазасына кесілуін айыптаған мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Басы кесілген жиырма кісінің барлығы террроризммен байланысты көрінеді. Ақпараттарға қарағанда олардың басым бөлігі күрдтер ортасынан шыққан сүнниттер. БҰҰ-ның бас құқық қорғаушысы сот процесіне байланысты күдіктер келтірді.

Мәселен, Шахрама Ахмади деген сотталушыны полицейлер аяусыз соққыға жығып, бос қағазға қол қойдырған. Артынан ол қағазға жалған түрдегі айыбын мойындау мәтіні басылыпты. Зейд Раад аль-Хусейн өткен айда осы елдегі  19 жасар қылмыскердің өлім жазасына кесілуіне байланысты да айыптау сөз сөйлеген болатын.

Связанные Статьи