Ол да өтті,
құрғыр-ай, алтын күндер,
Торыны тойға мініп қамсыз жүрер.
– "Қолыңа қамшы ұста!"
Деп ұрсатұғын,
Ұмытып қалдық сосын,
Қартын біздер.
Олар да өтті, өмір-ғой,
Қарттар сиреп …
Ағатай-ау,
Саған бұрдым ат басын кеп.
Әлі қамсыз жұр екем, қамшыңды бер!
"Құр алақан қалған "деп,
Айтпашы тек! …
Атамызды сол жылдар қасқыр қамап,
Қарагермен қуыпты бастырмалап.
Дырау қамшы сілейткен бірнешеуін
Адымын арандардың аштырмай-ақ.
Шебеленген неме еді!
Барып тұрған…
Сол тобеттің жағын да қарыстырған.
Ат үстінде шіреніп үзеңгісін,
Қамшысын тіке сілтеп жарлық қылған.
Қақақтап бітер іске қарсы келген,
Қайбыреуде атамнан қамшы жеген.
Тек қарагер,
Қамшы ұрғызбай ап келетін,
Таң ата суыт шықса сәрсүнбеден.
Тобырды тобығнан жарып кірген,
Жарықтық жалғанды бұл-танып білген…
Салпақтаған немесе тепеңдеген,
Қамшысыз күндерімнен жалықтым мен.
Ағатай-ау, қайтейін, Қамшыңды бер!
Қамшыңды бер дегенде, әлсіз – жігер!
Қашанғы жүрем дейсің,
Қамшы сұрап,
Жауырынмнан жондата тартып жібер!
Тартып жібер!
Ендеше, не тілейін?!
Өлсем – өлем!
Өлмесем – серпілейін!
– "Қамшы ұста "деп ұрсатын,
Қайран атам!
Көз алдыма,
Бір рет келтірейін…
2016. 8. 6
Бердібай Жақиялин