ШҚО-да олимпиадашыларды қолдаған тұрғындар «Қазақстан» тауына жүгіріп шықты

/uploads/thumbnail/20170709051251358_small.jpg

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған марафонға 200-ге жуық адам қатысты. Шара барысында әрбір қатысушы биіктігі 522 метр болатын «Қазақстан» тауына жүгіріп шығып, олимпиадашыларға өзінің қолдауын білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Марафонға еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қатысты. Дәлірек айтсақ, бір жастағы сәби ең кішкентай қатысушысы ретінде анықталды. Сондай-ақ, шаһардың белсенді жастарымен қатар, спорт ардагерлері де қалыс қалмады.  

Аталған шараға белгілі павлодарлық әуесқой велошабандоз Өміржан Ошанов та қатысты. Жуырда Павлодар қаласынан саяхатын бастаған велошабандоз Өскемен қаласы арқылы Моңғолия, Ресей және Қытай елдеріне сапар шекпекші. Өзінің бұл сапарын ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отыр.

Айта кетсек, Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 26 спорт түрінен ел намысын қорғайтын 104 спортшының 6-уы Шығыс Қазақстан облысынан қатысып отыр.

Связанные Статьи