Рио Олимпиадасының алғашқы күні қазақстандық спортшылар 1 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Енді назарларыңызға 7 тамыз күні өтетін ең басты жарыстардың кестесін ұсынамыз.
Бұл спорт түрлерінің барлығы Астана уақытымен «Қазақстан» және «Kazsport» арналарынан тікелей эфирде көрсетілетін болады.
09:20 Велошоссе. Топтық жарыс. Бақтияр Қожатаев, Андрей Зейц
10:00 Бокс. Іріктеу кезеңі.
19:55 Бокс. Іріктеу кезеңі. Біржан Жақыпов
10:35 Үстел теннисі. Квалификация. Кирилл Герасименко
11:55 Теннис. Іріктеу кезеңі. Юлия Путинцева, Ярослава Шведова
18:55 Дзюдо. Квалификация. Жансай Смағұлов
00:25 Дзюдо. Финал
21:55 Жүзу. Іріктеу кезеңі. Екатерина Руденко, Дмитрий Баландин
06:55 Жүзу. Финал
02:45 Академиялық ескек есу. Светлана Германович, Владислав Яковлев
03:55 Ауыр атлетика. Финал. Арли Чонтей.
Сонымен қатар, «Kazsport» арнасында шетелдік спортшылардың қатысуыммен өтетін мына спорт түрлері көрсетіледі.
00:40 Волейбол. Іріктеу кезеңі. Ерлер. Франция- Италия.
03:50 Баскетбол. Іріктеу кезеңі. Ерлер. Хорватия - Испания.
07:00 Футбол. Іріктеу кезеңі. Ерлер. Бразилия - Ирак.