Ақмола облысының құқық қорғаушылары Вконтакте, инстаграм желісіндегі діни мазмұндағы, Қазақстанда таралуына рұқсат етілмеген діни әдебиеттер орналасқан он топтың жұмысына тосқауыл қоймақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Көкшетау қаласының прокуратурасы аталған топтардың қызметін тоқтату туралы сотқа өтініш берілген.
Рұқсат етілмеген діни әдебиеттер мен суицидті насихаттайтын контенттерге ие ол топтарға Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданушылар осы уақытқа дейін емін-еркін кіріп келген.
Бұған дейін еліміздің Ақпарат және коммуникация министрлігі порнография мен терроризм, экстремизм идеяларын, суицидті насихаттайтын 26 мың сайт пен сілтемелердің қызметіне тосқауыл қойылғанын хабарлаған.