Kaspi bank: Салымшылардың 35%-ы қайта оралды

/uploads/thumbnail/20170708151903956_small.jpg

    Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес, биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%,  Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

    Ал,  Ұлттық банк таратқан соңғы ақпарына орай, kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған.  «Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарма төрағасы  Михаил Ломтадзе.

    Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған  салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

Ербол Азанбек
Баспасөз хатшысы

Оставить комментарий

Связанные Статьи