Азия даму банкі Қырғызстанға 25 миллион доллар бермек

/uploads/thumbnail/20170709051719815_small.jpg

Азия даму банкі (АДБ) директорлар кеңесі Қырғызстанның инвестициялық жай-күйін жақсарту үшін 25 миллион доллар бөлу ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы республиканың экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Qamshy.kz centralasian.org – ке сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, қаражат Қырғызстан экономикасының дамуын жаңа жұмыс орындарын ашу мен инвестиция үшін жағдау жасау арқылы қолдау үшін жұмсалады. Бағдарлама туарларды жаңа нарықтарға шығару ісін дамытуға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін арттыруға арналған.

АДБ көмегі Ұлттық тұрақты даму стратегиясына сай бөлінеді. АДБ 2008 жылдан бері қырғыз үкіметімен инвестициялық жағдайды жақсартуға және жекеменшік секторды қамытуға қолдау көрсетіп келеді.

Связанные Статьи