Әлеуметтік желілерде ел назарын аудартқан жаңа видео пайда болды. Видеода бойжеткен пианинода ойнап, тоқал болудың артықшылықтары туралы ән шырқайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл бейнеролик Instagram желісіндегі takaya_life_kz парақшасына жүктелді.
Әнді орындаған қыз оның жасы келген заңды әйелі барын айта келе «Мен тоқалмын, жаным жоқ. Оның әйелі айқайлайды, менің кінәм не?» дейді.
«Мен тоқалмын» деген әнінде әр қыз армандайтын үйлену тойындағы ақ фата жәй ғана мақта (мата) екенін айтады.
«Мен тоқалмын» деп әндеткен бойжеткен желі қолданушыларының арасында сынға ұшырады. Аталмыш ән 5’nizza дуэті орындайтын «Мен солдатпын» әнінің ырғағында орындалған.