Каирде Ислам ғұламасына қастандық жасалды

/uploads/thumbnail/20170709051929691_small.jpg

Өткен аптада Мысыр астанасы Каир қаласындағы Жұма мешітіне намаз оқуға келген әл-Азхар ғұламалар кеңесінің мүшесі, бұрынғы мүфти, доктор Әли Жұмаға қастандық жасалды,- деп хабарлайды Qamshy.kz muslim.kz – ке сілтеме жасап.

Жұма намазына келген ғұламаға мотоциклге мінген белгісіз біреулер автоматтан оқ жаудырған. Құдай оңдағанда, қаскүнемдердің жаудырған оғы Әли Жұмаға еш дарымаған. Тек атақты ғалымды сүйемелдеп келе жатқандардың біреуінің аяғына тиіп жаралаған.

Бір ажалдан аман қалған ғалым Аллаға шүкірлік білдіріп, болған оқиғаның қасиетті жұма намазының өтуіне еш кедергі келтірмегенін айтты. «Аллаға шүкір, бұл оқиға жұма намазын оқып шығуымызға еш кедергі келтірмеді. Уағыз айттық, намазымызды оқыдық. Бұл біздің жолымыздың ақытығын көрсетпей ме?!» – деген екен ол.

Связанные Статьи