Олимпиада ойындарында журналистер отырған автобусқа шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170709051949129_small.jpg

Олимпиада ойындарында журналистер отырған автобусқа жасалған шабуылдан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Qamshy.kz kazsport.kaztrk.kz - ке сілтеме жасап.

Жолаушылардың бірінің айтуынша, Деодоро олимпиада кластерінен бас баспасөз орталығына бағыт алған журналистер отырған автобус оқ астында қалды.

Нәтижесінде Оқиға салдарынан Түркиядан келген ерікті мен Белорусь елінің журналисті зардап шекті, олар шағын жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан шыққан дыбыстар қару даусына ұқсас болған. Алайда полиция мәліметіне сәйкес, автобусқа тас лақтырылған соның салдарынан терезелер сынған. Олимпиада ойындарының ұйымдастырушы комитеті тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

Связанные Статьи