ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кеше Рио Олимпиадасында қола жүлде алған Карина Горичеваны жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"#Rio2016-да Қазақстан қоржынында төртінші медаль - қола. Ауыр атлетшіміз Карина Горичеваны жеңісімен құттықтаймын! Алға #KAZ!", - деп жазды Кәрім Мәсімов Туиттер парақшасында.
Айта кетейік, Ауыр атлетикадан қыздар арасында ел намысын қорғаған Карина Горичева қоссайыстың қорытындысы бойынша 243 (111+132) келіні көтеріп, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.