ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ІРІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫ ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709052032505_small.jpg

Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлерін жалға алған қазақ-қытай біріккен кәсіпорнының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде өзін «Нұр Отан» партиясының мүшесі деп таныстырып жүрген белсенді Айдын Егеубаев жариялады.

«Сіздерге Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Қытай азаматтарының инвестиция салу мақсатында 90000 га жуық жер алып алғандығы туралы, Қытай компанияларының Қазақстан мемлекетінен субсидия алғандығы туралы жариялаған болатынбыз.

«Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қозғалысы және «Алаш жолы» қозғалысы бірлесіп осы мəселелерді анықтап, қазіргі таңда құзырлы мекемелер қылмыстық іс қозғалғаны туралы мəліметті жариялап отырмыз», - деген ол осы мәселені қоғамның қырағы қадағалауын сұрайды.

Бұған дейін саясаткер Мұхтар Тайжан қытайлықтардың үлесі бар «Дәремет» ЖШС жалға алған жерін «Бәтуа» ЖШС-ға бергені, «Бәтуаның» мемлекеттен 2012-2015 жылдары 500 миллион теңге қаржылай дотация алып, оны дұрыс игермегені анықталғанын жазған еді.

Естеріңізге салсақ, Айдын Егеубаев Үкімет жанындағы Жер комиссиясының отырысында ШҚО-да 90 мың гектарға жуық жер учаскелерін қытайлық компания пайдаланып отырғанын мәлімдеген еді. Кейін бұрын ШҚО-да әкім болған Бердібек Сапарбаев өзінің ешқандай компанияға заңсыз жер бермегенін айтып, А. Егеубаевтің үстінен сотқа шағымданған болатын.

 

Связанные Статьи