15 сәуір күні ғашықтар мерекесін тойламақшы

/uploads/thumbnail/20170708151910329_small.jpg

   Қазыналы Қарағанды 15 сәуір күні ғашықтар күнін тойламақ.

   Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай Қарағанды қаласында «Сезім деген – ой мен сана биігінде түйісу» атты концерт өткізілмек. Шара барысында «Сезім хаты», «Ең үздік жұп» фото-байқауы ұйымдастырылған. Қарағандылық жастар өздерінің ғашықтарына жазған хаттарын және сүйіктілерімен бірге түскен суреттерін жолдауда. Жеңімпаздар 15 сәуір күні өтетін гала-концертте бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ұлттық рухы биік жастар әулие Валентин күнін тойлауға тосқауыл қойып, оған балама ретінде махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян мерекесін атап өтуді қолға ала бастады. Содан бері жастар бойында елжандылық сезімін арттыру, ұлы сезім – махаббатты асқақтату мақсатында Қарағанды қаласы ғашықтар күнін атап өтуді игі дәстүрге айналдырған. Бұл шара «Қарағанды – орыстанған мекен» деген жансақ пікірден арылу керектігін тағы бір мәрте дәлелдейтіндей. Естеріңізге сала кететін болсақ, бұл мерекені атап өтуді бірінші болып республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ал Қарағанды қаласында алғаш рет ғашықтар күні белгілі журналист, сатирик марқұм Мартбек Тоқмырзаның мұрындық болуымен тойланды. Содан бастап ресми негізде ешқайда жазылмаған аталмыш мейрам жыл сайын дәстүрлі түрде мерекеленуде.

 Bnews.kz  

Оставить комментарий

Связанные Статьи