Еркебұлан Толқын: Алты Алашым аман болса екен!

/uploads/thumbnail/20170708151910605_small.jpg

Сүйсінерге сиқы жоқ мына кер заманда Өз Қазағын бәрінен артық көретін оғландар Батыраш-биліктің балтасынан аман қалса, сол қиқымдарды түбінде тәубесіне келтіреріне кәміл сенем. Алты Алашым аман болса екен! Осынау киелі де дархан Атамекенге бұзық ниет мәңгүрттердің мәстегінің тұяғы тимесе екен! Жер-Анамыздың қасиетті төсін қайдағы қаңғыған қарасирақтар таптамаса екен! Ұрпағымыздың бойынан Тектілік қасиеттер арылмаса екен! Арсыз ұл. қылықсыз қыз, панасыз сәби болмаса екен! Аналарымыз жыламаса екен!..

Оставить комментарий

Связанные Статьи