Әміржан Қосанов: Қазіргі қоғамдық жүйе "Екінші елбасын" көтере алмайды

/uploads/thumbnail/20170708151910929_small.jpg

Бір нәрсе айқын: Қазақстан экономикасы мен саяси жүйесі дәл бүгінгідей өкілеттігі бар «екінші елбасын» көтере алмайды! Сондықтан да қазіргі президент өзінің уысындағы билік өкілеттіктерін парламент, үкімет, сот арасында қайта үлестіре бастағаны дұрыс болар еді. Бір сөзбен айтқанда, бір адам емес, мәселен, 300 депутаттан тұратын, құрамына қоғамда бар барлық күштер енген мықты парламент Қазақстан болашағының кепілі бола алады! Бір сөзбен айтсам, дәл қазіргі саяси жүйе Назарбаевсыз қызмет ете алмайды! Өйткені біздегі барлық мемлекеттік институттар президенттің жеке басына қызмет ету үшін құрылған. Сондықтан осы тарихи тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар: бір адамға ғана бағышталған жартыкеш жүйені өзгерту керек.Ерте ме, кеш пе, ол жүйе өзгеретіні белгілі, себебі кез келген авторитаризм өз түбіне өзі жетеді, оған тарих куә.Сондықтан қазіргі президенттің алдында ұлы таңдау тұр: не сол өзгерістерді ол өзі бастап, өз қолымен жүзеге асырады, не ол өзгерістер оның қатысуынсыз өтеді! Өз басым алғашқысын қалар едім. Өйткені екінші мүмкіндіктің арты қиын болып кетуі әбден мүмкін.Меніңше, қазір қоғамда да, биліктің өз ішінде де алғашқы нұсқаны қолдаушылар баршылық. Сонда ғана Назарбаев секілді шын мәніндегі Патриархтың күзі Қазақстанның аязды қысына емес, жасампаз көктеміне ұласар еді. Бірақ ондай қадамдарға президент өз еркімен бара ма? Әлде ашынған халық билік туралы мәселені онсыз, өзі шешіп тастай ма? Міне, гәп сонда!

Оставить комментарий

Связанные Статьи