Мемлекеттік органдардағы қызметтік көліктерді қысқартсақ қайтеді?

/uploads/thumbnail/20170709052234022_small.jpg

Шетелдік шенеуніктер, менеджерлер, министрлер мен премьерлер де, елдерінде дағдарыс бола қалса жалақысыз болмаса аз көлемдегі жалақымен еңбек ететін жақсы бір патриоттық дəстүр бар екен. Бізде де қазір дағдарыс дейді. Ендеше, патриот болса, біздікілер неге солай істемейді? Ал, патриот болмаса - мемлекеттік қызметте не атасының құны қалды?

Дағдарыс кезінде Тараз облысының əкімдігі 63 мың доллар тұратын қымбат автокөлік сатып алып жатыр. Жаяу жүрген жоқ қой, бұл неғылған ысырапшылдық? Қызметтік автокөлікті жеке шаруаға пайдалануды тыймақшы. Ал, қызметтік автокөлік деген ұғым қайдан пайда болған? Кеңестік заманда автокөлік аз болды. Бастық атаулыда меншікті машиналары болмағасын, өндірістік, басқарушылық қажеттіліктен қызметтік автопарк пайда болды. Енді заман өзгерді, көлік таңсық болудан баяғыда қалған. Басшылардың бəрінде де өз көліктері бар. Мемлекеттік жоғарғы санаттағы басшылар болмаса, қалғандарынікін қысқарту жағын неге қарастырмасқа? 
Дағдарыс дейді. Зейнетақы қорына да қол сұғып жатыр. Дағдарыстың ауыртпалығын неге халық қана көтеру керек? Халық кім не істеп жүргенін, не ұрлап, қайда тыққанға дейін көріп отыр. Әшкөз тойым білмейді, топырақ жаппай деген рас екен.

Ақан Жақыптың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Связанные Статьи