Жол ортасында төбелескен алматылық жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Екі автокөлік жүргізушісі Жетісу аудандық ІІБ әкелді. Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін оларды ҚР ӘҚБК 597 бабы, 1 бөлімі, яғни көлік құралдарын тоқтату және тоқтап тұру қағидаларын бұзу бойынша жауапқа тартылды. Жүргізушілер бір-біріне ешқандай айып тақпайтынын, ары қарай дауласудан бас тартқандарын айтты», - дейді Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция басшысы Жасұлан Байкенов.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 9 тамыз күні Рысқұлов даңғылының Бөкейханов көщесімен қиылысқан тұсындағы көпірде болған. Субару көлігінің жүргізушісін Тойота жүргізушісінің соққылап жатқанын кәгерлер видеоға түсіріп алған.