ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Рио Олимпиадасында күміс жүлде алған Жазира Жаппарқұлды жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Біздің ауыр атлетшіміз Жазира Жаппарқұлды #Rio2016 олимпиада ойындарындағы күміс медалімен құттықтаймын. Алға #KAZ!" , - деп жазды Кәрім Мәсімов Туиттер парақшасында.
Айта кетейік, 69 келіге дейінгі салмақ категориясында Жазира Жаппарқұл қос сайыстың жалпы қорытындысында 259 келі нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді.