Баян Есентаева жұртқа жүзін көрсете алмай жүр

/uploads/thumbnail/20170709052318585_small.PNG

Баян Есентаева жұртқа жүзін көрсете алмай жүр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Продюссер Баян Есентаева күйеуінен зардап шеккен оқиғадан кейінгі жүзін әлі көрсете қоймады. Бір апта бұрын теріс қарап тұрған суретін жүктеген Баян Есентаева бүгін де жүзін көрсетпеген фотоларын жариялады.

 

Продюссердің инстаграм папарқшасына жазылушылар болса оның жүзін көруге асық екендерін айтып, деніне саулық тілеп жатыр.

Осыдан екі ай бұрын күйеуінен зардап шеккен Баян Есентаева аурухана төсегінде жатқанда да, емін үйінде, шетелде жалғастырғанда да шоу-бизнес пен әлеуметтік желілерде үзіліс жасаған болатын. 

Араға бір жарым ай салып, жұмысына кіріскен Баян Есентаева "Лашын" тобымен жұмысын жалғастыра бастаған еді. Онда да инстаграм парақшасында аталмыш топтың жаңа әндерін жарнамалап, отбасына көңіл бөліп, іші қызы Айаруды шетелге демалдыратыны туралы жаңалықтарымен бөліскен еді.

Естеріңізге сала кетейік, оныншы маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деген күдікке ілінді.

Связанные Статьи