Шығыстанушы: Салафиттер ұрымтал сәтті күтіп жүр

/uploads/thumbnail/20170709052313429_small.jpg

Шығыстанушы Нұрлан Әлниязов салафизм мен саентологияның ұқсастықтары бар екенін айтады. 365info.kz сайтына берген сұхбатында шығыстанушы Қазақстанда әлі де діни экстремизм мәселесін орасан зардаптарсыз шешу мүмкіндігі бар деп санайды.

«Кез-келген өз сенімі мен дінін ғана дұрыс деп санайтын секта қоғам үшін өте қауіпті. Ондай секталарда басқа ағымдағылардың мүлкі, тіпті, өмірі де еш құнсыз саналады. Қазақстанда біз салафизмнің нығайып келе жатқанын көріп отырмыз. «Х» сағаты келгенде, оларға сырттан қандай да бір пәрмен түскенде нағыз проблемаларға кез боламыз. Ол кезде кем дегенде қоғамды бөлшектеп тынамыз. Әйтпесе, Тәжікстандағыдай діни және зайырлы тұрғындар арасында азаматтық соғыс басталып кетуі де мүмкін. Ол қанды қырғындарды ешқашан ұмытпау керек. Сонымен бірге, үрейге салынуға да болмайды. Әзірге мәселені бейбіт шешудің жолдары бар», - деген Н. Әлниязов Дін істері комитеті мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасын реформалау қажеттігін айтады.

Сондай-ақ, шығыстанушы шенеуніктер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің діни ағымдар құрамында болуынан қауіптенеді.

«Қазақстан шенеуніктерінің діни ағымға енуге құқықтары жоқ. Ол – қауіпті. Егер кез-келген экстремистік ұйымның қызметіне үңілсек, оның ең бірінші мақсаты – қатарына кім екеніне қарамай, көптеп адам тарту екенін көресіз. Кейін мүшелерінің сапалық көрсеткіштеріне көңіл бөле бастайды. Ол кезде барынша бай кәсіпкерлердің, олигархтардың, танымал шенеуніктердің балаларын тартуға әрекет жасайды. Кейде тіпті шенеуніктердің, саяси қайраткерлердің өздері әлгіндей ағымдарға еріп кетіп жатады. Әңгіме тек салафизм туралы емес. Саентология да солай жұмыс істейді. Бұл нені білдіреді? Бұл бастапқыда тұрмыстық сипаттағы мәселенің саяси ойынға айналатынын білдіреді», - дейді ол.

Связанные Статьи