Алматыдан ауылына кеткен студент жоғалып кетті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709052327179_small.PNG

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

22 жастағы Ерік Мұратұлының жақындары, қандай да бір мәлімет бергендерге ірі көлемде сыйақы ұсынып отыр. Себебі, осыдан бір ай бұрын  Алматыдан Нарынқолға жолға шығып кеткен жас жігіттен  әлі ешқандай хабар ошар жоқ.

Биыл дипломын алуы керек болған Ерік Мұратұлы шілденің сегізі күні Алматыдан туған жері Нарынқолға кешкі сегіздер шамасында жолға шыққаны қаланың шығаберісіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Алматы мен Райымбек ауданына дейінгі жолдың маңын  шолып шыққан жақындары, тек даладан көліктің өзін ғана табады. Ал, студенттің  одан кейін қайда бағыт алғаны сол күйі  белгісіз.

- 8 июльде  шығып кеткен содан жоқ. Машинасын тауып алдық. Діни ағымға әуестігі жоқ. Темекі шекпейді, ішпейді. Күліп қана жүретін, - дейді Еріктің досы Айбол Құдайберген.

Ұлынан көз жазып қалған  ата-ана Ерікті көрген-білгендерден көмек сұрайды. Тіпті, қандай да бір тың ақпарат бергендерге 5 миллион теңге сыйақы ұсынып отыр.

- Тапқан адам болса сұрағанын береміз, егер біреу қорлықпен ұстап отырса да жіберсін, қанша ақша сұрасада береміз, - дейді әпкесі Индира Қырғызбайқызы.

Ерік Мұратұлы  жайлы мәлімет білетіндер болса,  төменде көрсетілген  мына телефон номерлеріне  хабарласуына болады: 8 701 785 33 87, 8 701 130 95 60.

Связанные Статьи