Алматыдағы психикалық ауруханадан қашқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қалалық ІІД 12 тамыз күні түнгі 02:30-да қалалық психикалық денсаулық орталығынан қашқан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлын ұстады», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Науқас Алматы қаласы, Медеу ауданынан табылған.
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда шамамен сағат 19-да Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлы қашып кеткен болатын. Ол шизофренияның созылмалы түрінен зардап шегеді