Түркияның атақты футболшысы «қарулы террористік топтың мүшесі» деп айыпталуда

/uploads/thumbnail/20170709052536853_small.jpg

Түрік футболының аты аңызға айналған шабуылшысы Хакан Шүкюрге төңкеріс жасауға талпынды деген айып тағылуда. Түркия прокуратурасы ел құрамасының бұрынғы шабуылшысын «қарулы террористік топтың мүшесі» деп айыптауда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сөйтіп Хакан Шүкюрді тұтқындауға ордер берілді. «AFP» агенттігінің хабарлауынша Стамбұл «Галатасарайының» бұрынғы шабуылшысы Хакан Шүкюр прокуратура тарапынан «қарулы террористік топтың мүшесі» деп айыпталған. Агенттіктің мәліметінше, бұл ұйымды АҚШ-та тұратын түрік уағызшысы Фетхуллах Гүлен басқарады.

Әйгілі футболшы спорттағы карьерасын аяқтаған соң түрік парламентінің депутаты болып сайланған. Ол былтыр отбасымен елден көшіп кеткен. «Галатасарайдан» бөлек, итальяндық «Интер» және «Пираму» командаларында ойнаған Хакан Шүкюр 2002 жылы өткен футболдан әлем чемпионатында қола жүлде иесі атанған.

Связанные Статьи