Мұхтар Тайжан: МОРАТОРИЙДІ ҰЗАРТУ – ОРЫНДЫ ШЕШІМ

/uploads/thumbnail/20170709052951679_small.jpg

Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында саясаткер Мұхтар Тайжан мораторийді 5 жылға ұзарту өте орынды шешім екенін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Бiздiң комиссиямыздың жұмысы жемiстi болды деп есептеймiн. Үш айдың iшiнде осындай шешiмге келдiк. Жасыратыны жоқ, бұл ұсынысты бiзде талқыладық. Менiңше, мұндай шешiм бүгiн қабылданса, онда халықтың көңiлiнен шығады. Себебi, бес жыл жер ешкiмге сатылмайды, шетелдiктерге жалға берiлмейдi. Халықтың қалауы сол болды. Ал бес жылдан кейiн тағы да бiз аман болсақ, ел боламыз, тағы да қарастыруға болады»,-дейді М.Тайжан

Оның айтуынша, комиссия осы үш айдың ішінде аз жұмыс атқарған жоқ. Бірқатар, аса маңызды шешімдер қабылданған. Әлі де бірқатар мәселелердің басы ашық.

«Комиссия бес жыл жұмыс iстей алмайды, бiрақ жұмысшы топ па, басқа бiр шешiм қабылдауымыз керек. Парламенттiң iшiнде бұл ұсыныстарды түсiндiру, керек болса қорғау үшiн жұмысты топ құруымыз керек. Төраға айтып кеткендей, үш айдың iшiнде латифундизмге қарсы, жайылым жер туралы, басқа да дұрыс шешiмдердi қабылдадық» - деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық тобының жетекшісі М.Тайжан.

Комиссия жұмысына оң баға берген М. Тайжан жер тағдырына алаңдаған ел мен мәселенің маңызын түсінген Елбасыға алғысын білдірді.

Связанные Статьи