Серік Сұлтанғали: Комиссия өз жұмысын 200 пайыз орындады

/uploads/thumbnail/20170709053031305_small.jpg

«Комиссия өз миссиясын толық атқарды. Бес жылда үлкен техникалық мамандар дайындаймыз, - деп мәлімдеді «Бірлік» партиясының төрағасы, Серік Сұлтанғали, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

С.Сұлтанғалидің айтуынша Комиссия өзінің басты міндеттерін толық атқарып шыққан.

«Комиссияның жұмысы өте маңызды өттi. Комиссия өз жұмысын екi жүз пайыз орындады. Себебi, аралаған жерлерiмiзде халықтың пiкiрi бiр нүкте қою керек дегенге тоғысты. Бес жылға мораторий жариялауды қолдаймын. Бес жылда жерге қатысты сауатымызды көтеремiз. Екiншiден, Елбасы жылдың басында тапсырма берiп, келесi жылдан кәсiптiк-техникалық бiлiм тегiн болады. Бәрi сәтiмен келiп тұр. Бес жылда үлкен техникалық мамандарды дайындаймыз. Оның барлығы кезiнде жабылды ғой. Екiншi жағынан, ғылыми әлеуеттi дамыту керек»- дейді С.Сұлтанғали.

Ол комиссия жұмысы осымен бiтуi керек деп есептейді. Ең бастысы, халықпен санасу үшiн Елбасының тапсырмасымен осы комиссия құрылды. Ендi комиссияның уақыты келдi. Бәрiне рахмет айтып, мамандардың жұмыс тобына кiрiп, еңбек етуiне ешкiмнiң қарсылығы жоқ.

Связанные Статьи