Бүгін Жер реформасы бойынша комиссия халықтың қосалқы шаруашылықтар мұқтаждықтарын қанағаттандыру мәселесін қалай шешу керектігін жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Халықтың қосалқы шаруашылықтар мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін елді мекендердің айналасындағы жайылымдар мен шабындықтардың алаңдары айқындалып, ол жекелерді Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларына беруге тыйым салынсын» деген ұсыныс айтылды жиын барысында. Яғни, жергілікті тұрғындарды жайылымдар және шабындықпен қамтамасыз ету мақсатында, осындай алқаптар мемлекеттік мұқтаждықтарға алуға жатқызылуы керек.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.