"Қазақстан дауысы" жобасының алғашқы финалисі Роза Мұқатаева бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
22 жастағы Роза Мұқатаева тыңдармандарына "Әсем әнмен тербе" атты алғашқы бейнебаянын ұсынды.
"Қазақстан дауысы" жобасы арқылы танылған әнші көрермен есінде ерекше нәзіктігімен, жобаға қатысып жүріп ана атануымен есте қалған болатын. Жобадан кейін жас әнші Әли Оқаповпен жұмыс істей бастаған еді.
«Мен имиджімді өзгерткім келді. Әрине аздап адамдарды таң қалдырғым келді. Көпшілік мені нәзік қыз деп ойлайды. Мен басқаша қырымнан танылғым келді»,-дейді әнші.
Айта кетейік, әншінің жолдасы да өнерден құр алақан емес. Роза Әділ Жүкенов есімді әзілкешке тұрмысқа шыққан. Қазір бір ұлдары бар. Сондай-ақ, Роза Мұқатаева 100 сериалы «Айман-Шолпан» телехикаясына түсіп жатыр.