Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Алты рет секіруге мүмкіндік берілген спортшылардың ішінде Ольга Рыпакова алғашқы мүмкіндігінде 14, 73 см секірді. Екіншіде 14,49 см, үшіншіде – 14, 52 см, төртіншіде – 14, 20 см секірді.
Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды. Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова 14. 74 м көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтап, Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салды.
Рыпакова 32 жаста. Үш қарғып секіруден Лондон олимпидасының чемпионы, 2010 жылғы әлем біріншілігінің, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейінгі үздік көрсеткіші – 15, 25 см. Ол – 2010 жылы Азия чемпионатында тіркелген рекорд.
Осылайша Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орынын сақтап қалды.