ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Рио Олимпиадасында қола медаль алған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакованы #Rio2016 Олимпиада ойындарындағы қола медалімен құттықтаймын. Алға #KAZ!", - деп жазды Кәрім Мәсімов Туиттер парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салған болатын.