Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Сапар барысында Үкімет басшысы қаланың әуежайы мен теміржол, авто вокзалдарының инженерлік-техникалық жабдықталуын, лаңкестік қатерден қорғалу деңгейін тексермек.
Сондай-ақ, ол «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы мен «БАйсерке-Агро» ЖШС-ның жұмысымен таныспақ.
Бұдан бөлек, Премьер-министр Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің арнасын реконструкциялау барысын көрмек. Сонымен бірге, К. Мәсімов мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан «Саялы» ықшамауданы мен қысқы Универсиада нысандарына да баратыны, Олимпиада қатысушыларымен кездесетіні хабарланды.