ҚР Қорғаныс министрі Ольга Рыпакованы қола медалімен құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709053223556_small.jpg

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскери қызметші,  ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының капитаны, олимпиада чемпионы  Ольга Рыпакованы  Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада үш мәрте секіру сайысында жеңіп алған қола медалімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті Ольга Сергеевна! Сізді Рио-2016 Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан жеңімпаз атанып, қола медаль алуыңызбен құттықтаймын. Бұл лайықты марапат.  Сіздің жоғары шеберлігіңіз, ерік-жігеріңіз бен жеңіске деген құлшынысыңыздың ерекше көрсеткіші. Төрт жылда бір рет өтетін  беделді әлемдік спорт сайысында Сіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің жоғары деңгейін көрсетіп, еліміздің туын көкке желбіреттіңіз. Осынау жоғары нәтиже өскелең ұрпақ үшін кәсіпқойлықтың жарқын үлгісі», - деп ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов өзінің құттықтау жеделхатында атап өтті.

Үздік әрекет етуде Рыпакова 14,74 метр нәтижесін көрсетті. Бұл оның маусымдағы үздік нәтижесі болды. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиададағы қола медаль ол үшін мансап жолындағы екінші олимпиадалық медаль болды. Лондонда өткен олимпиадада ол алтын медаль иегері атанған болатын.

Связанные Статьи