Қазақ таланыттан да, дарыннан да кенде халық емес. Жастық жалынын әдемі жырға бөлеп, таланытымен талайды тамсандырып, жасындай жарық етіп сөнген жас ғұмырлар бізде де баршылық. Артығали Ыбыраев, Жеңіс Шәкен секілді жиырма деген қырқаның белесінен енді ғана асқан шағында, мезгілінен бұрын опат болған жыр дүлділдерін жыр сүйер қауым ұмыта қойған жоқ. Ұмытуға да тиісті емес. Қасіретті болсада, қасиеті бөлекше болған, осынау бір толқынға Бибол Жұмағалиұлы секілді тағы да бір боздақ келіп қосылды. Таяуда ғана «Ан Арыс» баспасынан «Мен қайта оянам!..» атты жыр жинағы жарық көрген еді. Өнердегі ағаларының жебеуімен, айналасындағы достарының ұйымдастыруымен осы жыр кітаптің тұсаукесері өтпек. Жарық етіп сөнген бір ғұмырдың жалынды жырына куә болыңыздар ағайын! Келем деушілерге есігіміз ашық!
Уақыты: 14-сәуір 15:00 де Орны : ҚазҰУ, журналистика факультеті 3 зал
Оставить комментарий