Шымкентте цистерна жанып, жарылыс қаупі туды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709053241510_small.PNG

Темір жолдарда өрт болып жатқандығы туралы куәгерлер хабарлаған.  Олардың айтуынша, әзірге бір цистерна жанып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz NewTimes.kz – ке сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар жанындағы басқа цистерналарға өрт көшіп, артынан жарылыс  бола ма деп қауіптенеді.

-Біз жарылыстан қорғамыз. Егер тез арада өрт ауыздықталмаса, жарылыс болуы мүмкін ғой, - дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Связанные Статьи