Кәрім Мәсімов Левит пен Зайчиковті жүлделерімен құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709053425699_small.jpg

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Василий Левит пен Александр Зайчиковтерді Олимпиададағы күміс және қола жүлделерімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«#Rio2016 Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймын! В.Левит - бокстан күміс, А.Зайчиков - ауыр атлетикадан қола медаль иегерлері! Алға #KAZ!», - деп жазды Мәсімов Туиттер парақшасында.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында боксшы Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанса, ауыр атлетіміз Александр Зайчиков 105 келі салмақта қолаға қол жеткізді.

Связанные Статьи