Кеше Қазақ-Түрік қоры мен Астана қаласының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік филармониясы бірлесіп, Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойына «Қазақстан Түркия достық кешін» өткізді. Кеш 2014 жылғы 11 сәуір күні сағат 19.00-де Назарбаев орталығында өтті. "Қазақстан-Заман" газетінің өкілі Ахмет Аляздың facebook желісіндегі жазуына қарағанда, кештің өтуіне Түркия қазақтары да үлес қосты. Кеште түркиялық қандастарымыз өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, Аляз мырза: Марқұм Өзтүріктің жатқан жері жайлы болсын! Аты өшпестұлғаның екі ел бауырластығына ықпалы мәңгілікке айналсын!" - дейді өз жазбасында.