Бүгін таңертең Алматы уақыты бойынша 09 сағат 20 минутта, Алматы қ. оңтүстік-батысқа қарай 475 шақырым жерде жер сілкінді деп хабаралайды «ҚР БҒМ Ғылым комитеті, «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекемесі.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан жерінде 5 шақырым жер астында болған.
Жер сілкінісі Қызылқия және Майлысу елді мекендерінде 3 баллдық қарқынмен сезілген. Ал Қошқар Ата қаласында жер сілкінісінің қарқыны 2-3 балл болған.
ҚазАқпарат