"Қамшыгер" оқырман: Апта пікірі

/uploads/thumbnail/20170708151938288_small.jpg

  «Қамшы» порталы – еркін пікір алаңы!  Сайтымыздың материалдарына  сан алуан пікірлер мен орнықты ойлар, үн қосулар, болжамдар, әзілдер мен  сұрақ-жауап комментарийлер күніне толассыз түсіп жатады. ҚР  Еңбек  сіңірген қайраткері, жазушы Советхан Ғаббасов, философ Әбдірашит Бәкірұлы  ағаларымыз бастаған тұрақты оқырмандарымыз және Көкше, Кетей, Муса Руслан, Бір жан, Бір  қазақ, Кезбе, Ринат, Ұстаз ана, Тұрсын секілді бүркеншік атпен ойын қаймықпай, ашық айтатын оқырмандар  бар.  Бүгінгі материалымызды сондай  өткір пікірлерге арнап отырмыз.

Мәселен, Қауіпті құбылысты ескерту: «СКОРО ЗДЕСЬ РОССИЯ БУДЕТ, МЫ ВСЕ БУДЕМ РОССИЯНЕ!» (http://qamshy.kz/?p=9049) деп аталатын  ел тізгінін ұстаған билік басшыларына жазылған Бейсенбай тегі Рузаның ашықхатына Ақкісі  Алпамса  есімді оқырман:

«Үлкен кісі тіл мәселесіне келгенде биік адуын танытпай жүргеніне қарап бір ойлағаны бар шығар деп жүргем. Бір күні болмаса бір күні тіл туралы заң қабылдайды деп жүр едім. Қайдам бар қазақты қолынан жетектеп Россия халқының айырылмас бір бөлігі етуге бар сияқты. Ашына да, таусыла да айтылып- жазылып жатыр, қолынан іс келетін, істей алатын “қазақбай” атқа мінерлер тым болмаса анасының ақ сүтін ақтап, қазақ тілінің мәртебесін үстем етер болса Қазақ елі тарихындағы үлкен саяси бетбұрыс болар еді.  Билікке құдай жүрек бермепті, қорқақтап жүргенде “қораға” кіріп кетемізбе деп қорқамын», - деген екен.

Ал, «Айдос Сарым, саясаттанушы: Жағдай ушыға түссе, биліктің ұлтшылдарға арқа сүйеуден басқа амалы қалмайды» (http://qamshy.kz/?p=8954) атты  материалға Тұрсын Қаллебекұлының көлемді пікір жазған екен:  «Айдос, сіз азаматтарымыздың кейбір өткір мәселені ортаға салған сұрағына жауабыңыздың кей тұстары ұнады. Кей тұстары ұнамады. Бейбіт шеру неге қайғылы немесе өкінішті жағдаймен ұласып барады? Бізде соған зәруміз бе? 1- Ұлттың ұлылығы –Тірлігі мен Бірлігінен білінер Мынау 2 мыңжылдықтардың әр күнінде жаңа бейнелер, жаңа табыстар жарыққа шығып отыратыны анық. Дегенмен,Адамзат қоғамы да,табиғат дүниесі де адамның ақыл-ой, айла тәсілі, өміршең рухы өмірдегі сұрқиялықты аластап жаңалық әкелген. Ал, жаңалықтың әрқашан өміршең келетіні рас. Алайда, кешегі кейбір кереметке кей пенделердің жарытып таңқалмайтындығы шындыққа саяды. Бірақ, 2000 жылдан бері соғыс, ашаршылық, әділетсіз билікке қарсы күрес, зілзала, жалмаған өрт адамзатқа көп бақытсыздық пен алапат ала келді. Тіпті, Адамзатқа ғана емес, жер ананың да бетін күйік шалды. Құрт-құмырысқа, Өсімдік, Хайуанаттардың да тіршілік жағдайы мәз емес болған-ды. Сонымен, адам баласы ақыры тілі арқылы ұлтқа, діні арқылы ислам мен христанға, будизмге біртіндеп жинақталды. Бұл біздің ұлт болып ұйысып қалыптасуымыздан, 1456 жылы ең алғаш Моғолстан жерінде, яғни жеті судың батыс өңірінде, Шу мен Талас өзендерінің алабында әз-Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын құрған алғашқы табысымызға әкелді. Десе де, бұл жетістігіміздегі ұлттық тірлігіміз бен бірлігімізге тағы да қаскөй қарғыс алған Моңғол билеушілер мен Сасық орыстың сараң саясаты ғасырлар бойында қалыптасқан ұлы мұратымызбен жол-жосын, жаңашыл идеяларымызды ілгері бастырмай, ел билеу үрдістерімізді сатылап күйретіп, Қазақ даласына өзгеше бір билеп-төстеудің тәсілін енгізді. Бірақ, ержүрек қазақ халқынан ұлы ойшылдар, өнер, мәдениет, қоғам қайраткерлері, шешен шежірелер, қайратына ақылы сай батырлар жарыққа шықты, тіптен, қиындыққа қамалып, қорғансыз қалған қара қалыққа кері кетер ой емес, қайта ілгері басар жол мен нұрлы болашаққа бастаған қолбасшы, ұлт көсемдері тірек болды. Халық дұшпанына қасықтай қаны мен шыбындай жанын пида етіп, даналық көрсетті. Амал нешік, небір асылдарымыздан мезгілсіз айрылдық. Сол асыл бабаларымыздың ұлттық рухы, асыл мұраты, көздеген мақсаты, ақыр соңында 535 жыл дегенде яки 1991 жыл 16 желтоқсан азат ұлтқа, ақиқатқа, тәуелсіз мемлекетке қол жеткізген ең ұлы табысымызды айтар едік. 535 жыл жай цифрдың тізбесі емес, сырлы цифр, тәңірдің сыйы, ардақты халайық!!! Ал, ортадағы 3 түпкі тегіміз бен алғашқы қайнарымыз, барыстың басы болған текті сан, аяулы қауым!!! Бұл мәңгілік Аңыздың ақыры болмайды. Е, ағайын, уақыттан жылдам не бар?! Кеше де, бүгінде осынау жер жаһанда боздаған бабаларымыздың шиеттей бөбегі мен бөпесінің қаны, аналарымыздың көзінің жасы, батырлардың зары, мұңлылардың шерменде көңілі, сайып келгенде, кегі мен ызасы булығып жатыр. Мұны есімізге алсақ, Қазақтың ақ даласында ”Қар қызы” сыңсыған, сыбырлаған дыбысы да, домбыраның қыл ішегінен киелі күй боп төгіліп, құйылып тұрған қомағай үнге ұқсайды.

Айдос  Сарымның сұрақ-жауап  барысындағы айтқан ойларын қоғам әр түрлі бағалайды: Жанболат: Нақты әрі қысқа жауаптар айтыпты. Ұлтын жақсы көретіндігі көрініп-ақ тұр ғой, десе,  Азамат есімді оқырман: Дұрыс қой айтуы. «Бірақ, келешегіміз бұлынғыр, сенім жоқ» деген. Тағы сол секілді  пікірлерді http://qamshy.kz/?p=8954 мақаланың өзіне оқи аласыздар.

   Ал, «Қамшының» өзге сайттардан  бөлектейтін бөгенайы -«Айттың- ей, бауырым!»  айдарына жарияланатын қоғамға белгілі азаматтардың  пікірлері де ескерусіз қалмағандай. Әміржан Қосанов: Қазіргі қоғамдық жүйе “Екінші елбасын” көтере алмайды (http://qamshy.kz/?p=8983) деген пікірге келесідей жауап  түскен екен. Муса Руслан: «Сіз сияқты адамдармен сөз жарыстырғым келмейді. Сіз өте ақылды екенсіз. Бұл заман сіз сйяқты адамдардың заманы. Украина енді дамудың даңғыл жолына түседі. Ал өнер көрсетуге келетін болсам техника саласында менің істегенімнің 1 пайызын жасап көріңіз. Сосын Астанада нақты істің қасында сөйлесейік. Сіз мүмкін танымал адам шығарсыз, мен танымал емеспін. Сіз саясаткер шығарсыз, бірақ мен саясатқа онша басымды ауыртпаймын. Менікі мәжбүрлік. Ал ол жерге бара қойсам бізге нағыз осындай еркектер керек деп айтатындығына халықтың еш күмәнім жоқ. Менің ұлтқа жаным қатты ашитыны көзімнің алысты көргені ғана. Әрбір қазақтың үйі болса. Қазақты да ұлт ретінде өзге ұлттар сыйласа. Қазақтар да дамыған мемлекеттер сияқты өз өнімдерін, машиналарын, ұшақтарын жасаса деген жаратқаннан тілек менікі. Сол бағытта барымды саламын. Мен көптің қолдауына зәру емеспін, бірақ қазақты да өзгелер ұлт ретінде қабылдаса деп армандаймын. Дегенмен, сіздің сөзіңіздің де жаны бар. Осы бағытта жұмыс жасайық Ағатай» дейді.

Дәл осы Әміржан Қосановтың пікіріне Тұрсын есімді оқырманымыз былайша пікір жазыпты:

«Әй, ұлтжандылық деген не? Осы аз миларыңды ойқастатып халықты дүрліктір ме? Дүниеде иттік мінезден туындайтын қара құйын қатігездікке қарғыс айтатын күн туған жоқ па? Кезінде алаш зиялыларына жасалған қиянат қалай болды? Олардың асқақ арманы не еді, бәсе? Жеттік, Жетілдік, бостандық алдық дегендегі ел тілеуі осы ма? Иттің ішіне сары май жақпайтын іш ауруын тиятын ем жоқ па? Енді келіп өзіміз қазақ елін түзеймін дейтін сандырақ ой қайдан туындады? Украин халқы да бастапқыда сіздердей ойлаған,бірақ ондай болмай шықты. Сіздердің үйірлеріңіз Ресей үшін жұмыс істейме деп қорқады, халық!!! Бастағы ми емес , қысыр қалған саулық қойдың желіні емес пе? 17 миллион халық нәрсіз,дәнсіз панасыз отыр десең қателесесің. Тағы да өз азаматтарымыз берген билігін қазандағы хаққа емес, асқа қол салып әдеттенген.Оны мемлекет тыйыпта жатыр. Сіздер алдымен билікке сәйкесіп соған жұмыс істеңдер. Не ауылға ,аудан-қалаларға барып гүлдендіруге бар жасампаздықтарыңызды іске қоссаңыз кім сіздерді итерді. Алдымен өнеріңізді паш етіңіз.Біз үйренейік. Билік жүргізу сондай оңай ма?

«Қамшы» порталында авторлар арасында қызу айтыс  та жүріп  жатыр.  Зарқын Тайшыбай мен Садық Смағұлов секілді тарихшылар қарсы пікірлерімен бірін  бірі  түйреп, Абылайтанушылыққа таласуда. Бұл туралы мақаланың толық нұсқасында оқи  аласыздар: http://qamshy.kz/?p=6493

Жазушы Советхан Ғаббасовтың Совет-хан Ғаббасов. Әлемдік инновациядағы қазақ рухының жаңа жобасы атты мақаласын тағы  да  Муса Руслан: "Өте дұрыс айтасыз. Мақала жазылды , идея бар , енді оны әрі қарай дамыту қоғамның болмыс бітіміне үйлестіру болмаса айтылады қалады. Сондықтан осындай мәселелерді тек айтып қоймай ұлттың игілігіне жарату үшін ғалымдардың басын бір орталыққа біріктіретін пәрменді ұйым қажет сияқты",  дейді.

«Қамшы» порталында тек саяси ғана емес,  қоғамдық өзекті  мәселелер көп қозғалады.  Қоғам. “Пәктігімді сатамын” (http://qamshy.kz/?p=8874) деп аталатын  қазіргі  қазақ  қыздарының  ары мен намысы тілге  тиек етілген мақалаға « Өте дұрыс айтылған. Қазіргі қыздардың көшеде киіп жүрген киімімен бұрынғы қыздар шымылдықтың артында тұрып ұялатын. Қыз тәрбиесіне қатысты қазақтың салт-дәстүрін қалай жалғастыруға болады. Мақалаңызға рахмет. Құдай қуат берсін сіздей азаматтарға» деп Муса Руслан есімді  оқырманымыз баға  берген екен.

«Отанды бөлшектегісі келетіндерге “пышағымыз” дайын» (http://qamshy.kz/?p=8994 )деген мақаламызға

Муса Руслан: «Отанымызды қорғаудың бір тәсілі мынау : «Мемлекетті бөлшектеушілікке қарсы тұру заңын» жедел төрде отандық атқа мінер азаматтарымыз атсалысуы керек,-деп білемін.Себебі, ішкі жақта өрбіген аңқасы кеуіп ресейді аңсайтындар мен мансапшыл, жалған ұлтшыл сатқындардың берекені кетірмеуіне әрі сыртқы күштің бір елдің заңына қиянат жасап ірітетін боқ сөздерінінің белең алып кетпеуіне тыйым болады. Сонда ғана отандық қорғаушылар ондай бейбастақ әрекетке заңды түрде нүкте қойып тия алады. Ойланып көріңіздер,отандастарым?

 Апта  бойы сайтқа түскен пікірде есеп жоқ.  Біз тек ең маңызды, мәнділерін ғана іріктеп жариялап отырмыз. Ал, пікірлерге қатысты уәждеріңіз, өз айтар ойыңыз, берер бағаңыз болса,  сайт бетінде бөлісе отырсаңыздар болады...   

Связанные Статьи