Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Қазақстан Республикасы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, БҰҰ Әйелдердің Орталық Азияда (Қазақстан) Көпелдер бөлімінің бастамашылығымен Алматыда BRIDGE әдісі бойынша мемлекеттік орындардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Қазақстан Республикасы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшелері үшін семинар-тренинг өтті.
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан»фракциясының Әлеуметтік кеңес төрайымы Айткүл Самақова мен Қазақстан Республикасы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрайымы Махаббат Бекбосынова, Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Майра Айсиналар негізгі баяндама жасады.
Басқосуға Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко модератор болды.
BRIDGE – бұл кәсіби дамудың модулдық жүйе принципі бойынша құрылған, сайлау жүйесі мен процессіне бағытталған бағдарлама. Тренингте: гендерлік теңдік пен сайлау процессі, уақытша арнайы іс-шаралар, сонымен қатар әйелдердің қоғамның саяси өміріне қатысуын арттырудың заңнамалық әдістері сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылды.
Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою Конвенциясы, әйелдер ерлермен бірге өз құқықтарын тең негізде пайдаланғанның өзінде шын мәнісінде теңдікке жетпейтіндігін мойындайды. Сондықтан да Конвенцияның 4 бабы қатысушы-мемлекеттерге теңсіздік орын алып тұрған кезеңде уақытша арнайы іс-шаралар қолдануға рұқсат береді. Уақытша арнайы іс-шаралар ерлер мен әйелдер арасындағы теңдіктің орнауын тездету үшін қажет. БҰҰ-ның әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою комитеті Конвенцияға қатысушы-мемлекеттерге әйелдердің саяси араласуын кеңейту мақсатында уақытша арнайы іс-шараларды кеңінен пайдалануды ұсынады. Қазақстан Үкіметінде әйелдер санын көбейтудегі алға басушылықтарға қарамастан, осы көрсеткіштерді бекіту үшін заңнамалық әдістер қажет.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – Қазақстандағы әйелдердің саяси қатысуы мақсатында заңнамалық және саяси реформаларға нақты ұсынымдар жасау және диалогқа көмектесу. Тренинг қатысушылардың білімін кеңейтуге, потенциалдарын бекітуге, сонымен қатар сайлау процессінде гендерлік аспектілерді терең түсінуіне үлес қосады деп күтілуде. Басқа мемлекеттердің уақытша арнайы іс-шараларды, атап айтқанда гендерлік квоталарды енгізу арқылы әйелдердің саяси араласуын қамтамасыз ету тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі басты қызығушылық туғызуы мүмкін.
БҰҰ Әйелдер – Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша саласы. Жаһандық дәрежеде әйелдер мен қыздардың мүдделерін белсенді қорғаушы, БҰҰ Әйелдер әлем бойынша олардың құқықтарын қорғау ісін дамыту мақсатында құрылған.
БҰҰ Әйелдер БҰҰ-ның мүше мемлекеттеріне гендерлік теңдікті орнатуда халықаралық нормалар мен стандарттарды қалыптастыруға, осы стандарттарды іске асыру үшін заңдарды дайындауда, саяси көзқарастарда, бағдарламалар мен қызметтерде үкіметтер мен азаматтық қоғамдармен ынтымақтастық орнатады. БҰҰ Әйелдер (бұрынғы ЮНИФЕМ) Қазақстан Республикасында 1999 жылдан бері қызмет атқаруда.
Семинар-тренингке Қазақстан Республикасы жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының, Қазақстан Коммунистік халық партиясының фракциялары, ҚР Қорғаныс вице-министрі, ҚР Мәдениет вице-министрі, ҚР Бас прокурорының орынбасарлары қатысып, ой бөлісті.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)