Ақтауда ұрланып, зорлық көрген алты жасар қыз жағажайдан табылды. Жантүршігелік жағдай 20 тамыз күні Ақтау қаласында болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz tumba.kz - ке сілтеме жасап.
"Иваныч" дүкеніне әжесімен еріп келген алты жасар қыз бала далаға шығамын деп мазалай берген соң немересін әкесіне айтып, алып кетуін сұраған.
Бір ғана сәтте жоқ болып кеткен немересін әкесі алып кетті деп ойлаған. Алайда арада біршама уақыт өткенде қызын алып кетуге келген әкесі қызын іздей бастайды. 2,5 сағат өз күштерімен іздеген отбасы, ақыры полицияның көмегіне жүгінген.
Қыз баланы Маңғыстау облысы ІІД-нің жеке құрамы іздеген.
Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан тауып, оны шұғыл балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген.
Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар күдіктілерді де қолға түсірді, алайда олардың аты-жөндері әзірге аталмай отыр.