Қарағандыда әкімдіктің 20 жастағы қызметкері - жас қызды ұрлап кетті. Нақтырақ айтқанда, бойжеткенге ғашық 23 жастағы Вольный ауылының тұрғыны қызды ол жұмысынан келе жатқан жерінен - үйінің қасынан алып қашқан, деп хабарлады «Новый вестник» газеті.
Полицияға қыздың тәтесі арыз жазған. Ол құқық қорғау органдарына Нұржас есімді жігіттің қызды оның еркінен тыс көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткенін хабарлаған.
Полиция қызметкерлері Нұржастан осы оқиғаға қатысты жауап алғанда, ол өзінің әкімдікте жұмыс істейтін қызға үйленгісі келгенін және оның қазір Шет ауданындағы ата-анасының үйінде екенін хабарлаған. Қыз әкімдікте іс қағаздарын жүргізумен айналысады.
Полиция әзірге бұның шынымен де кісі тонау болған-болмағанын және ол үшін қылмыстық іс қозғаудың қажет-қажетсіздігін анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, жуырда Парламентте қалыңдық ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізіп, ал осы іске барғандарды 15 жылға бостандығынан айыру керектігі жөнінде мәселе көтерілген болатын.
ҚазАқпарат